2023- 2024 оқу жылында 1 сыныпқа қабылдау.
АТА – АНАЛАР НАЗАРЫНА!
Орал қаласы №14 жалпы орта білім беретін мектебі 2023- 2024 оқу жылына 1 - сыныпқа қабылдауды, 2023 жылдың 1сәуірінен бастап 1 тамызға дейін жүргізілетінін хабарлайды. Мектепке 6 жасқа толған жәңе осы жылы 6 жасқа толатын балалар қабылданады.
Өтінішті egov.kz арқылы беруге болады.
Қажетті құжаттар тізімі:
- Ата-аналардың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
- 3х4 көлеміндегі 2 фото.
Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.